«Агроөнеркәсіптік кешеніндегі экономикалық саясттың талдау орталығы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  (бұдан әрі-Серіктестік) 2007 жылы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасында құрылды және тіркелді.

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 949 қаулысына және «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік комитеті арасында жасалған сыйға тарту шартына сәйкес Серіктестіктегі қатысу үлесі 100% республикалық меншікке және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағына берілді. Осылайша, қазіргі уақытта Серіктестік Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады.

   Серіктестіктің мақсаты – Министрлікке ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді жүзеге асыру, оның ішінде цифрлық даму саласында.

 

Бүгінгі таңда, Серіктестік Министрліктің тапсырысы бойынша талдамалық сүйемелдеуді жүзеге асырады және агроөнеркәсіптік кешеніндегі саласын цифрландырудың процесіне белсенді қатысады, атап айтқанда, «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» (АШЖБ), «Республикалық мал шаруашылығы жүйесі» ақпараттық жүйелері (РМШЖ) және «E-Agriculture«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі» (ББАЖ) 3 (үш) ақпараттық жүйесін, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың және әлемдік нарықтарға интеграцияның кешеніндегі мәселелерін шешуде ақпараттық-талдамалық, консультациялық қызметтерді көрсетеді.